52 адам тірідей жанған автобус ісі: жүргізушілерге сот үкімі шықты

52 адам тірідей жанған автобус ісі: жүргізушілерге сот үкімі шықты

Ноябрь 12, 2018 0 Автор Автор

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустағы өртке кінәлілерге қатысты үкім шықты деп жазады Tengrinews.kz.

Үкімді судья Серік Махамбетов оқыды. Үш жүргізуші сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Тасымалдаушы компанияның құрылтайшысы Нұрлыбек Телепбаев пен тасымалдаушы компанияның механигі Бахадүр Пердебаев 3,5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Мұның алдында Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша сот отырысы басталғаны хабарланған еді.

Еске салайық, биыл қаңтар айында Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуретер жарияланды.