Қазақстанға оралған қандастарымыздың балалары Қытайда қалып қойған

Қазақстанға оралған қандастарымыздың балалары Қытайда қалып қойған

Октябрь 27, 2018 0 Автор Автор

Қазақстан Cыртқы істер министрлігі Павлодар облысында тұратын, балаларын Қытай билігі қайтармай отырған екі отбасының мәселесіне қатысты пікірін айтты. Азаттықтыңбұл мәселеге қатысты сауалына жауап берген министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ведомство екі отбасының арыздары бойынша тиісті жұмыс істеп жатыр.

«Қазақстан Сыртқы істер министрлігінен Қытайдың Астанадағы елшілігіне нота жіберілген. Қазір Қытай тарабы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл қысқа мерзімде шешілетін мәселе емес, сондықтан біраз уақыт алады. Бізге келіп түскен арыздар мен өтініштер бойынша Қытай тарапымен тығыз жұмыс атқарып жатырмыз» деді Смадияров.