Өзбекстанда 8 жасар қызды туыс ағасы айуандықпен өлтірген

Өзбекстанда 8 жасар қызды туыс ағасы айуандықпен өлтірген

Октябрь 27, 2018 0 Автор Автор

Өзбекстанның Хорезм облысы Хиуа ауданының 8 жастағы тұрғыны Диана Ахмедова 21 күн бұрын жоғалып кеткен. Оның өлі денесі Пишканак ауылы арқылы өтетін арықтан табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның аталас туысы ұсталған деп жазады centralasian.org.

Қыздың ата-анасы үш жылдан бері Ресейде жұмыс істейді. Диана атасы мен әжесінің қолында тұрған. Қыздың атасы Ахмед Якубовтың айтуынша, немересінің өлі денесі үйден жеті шақырым жердегі арықтан табылған.