АЛМАТЫЛЫҚ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢҒЫ ЖӘНЕ КЕШКІ УАҚЫТТА ҰРЫЛАРҒА ЖИІ ЖЕМ БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

АЛМАТЫЛЫҚ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢҒЫ ЖӘНЕ КЕШКІ УАҚЫТТА ҰРЫЛАРҒА ЖИІ ЖЕМ БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

Февраль 11, 2019 0 Автор Автор

Алматы полициясы қалта ұрыларының суретін жариялады. Жап-жас жігіттердің қасында әйелдер де тіпті, егде жастағы азамат та бар. Әккілердің дәндеп алғаны сонша, қалада адам шоғырланған жерлерді торауылдап, емін-еркін кезіп жүрген. Бір айдың өзінде 70-ке тарта әккінің қылмысы ашылып, құрықталыпты.

Ұрылардың басым бөлігі автобустарда және адамдар көп шоғырланған жерлерде жүреді дейді полицейлер. Тіпті, мынадай бағдаршамның жасыл түсін күткен жаяу жүргінші де қалтасындағы әмиянын қалай ұрлатқанын білмей қалады екен. Мысалы, соңғы ұсталған бес ұрының бірі дәл осындай айла үстінде құрықталған. Сондықтан, алматылықтарға қаланың қай бұрышында жүрсе де сақ болуы керек сияқты.

Мынау, қылмыстарының ізі суымай тұтылған бесеу. Тепсе темір үзетін екі жап-жас жігіт пен екі келіншек беттері бүлк етпей, аңғалдарды аңдып жүріп, сан соқтырған. Соңғысы, тіпті егде жастағы адам. Бәрі бұрын сотталған екен. Дәнігіп алғандары сонша, сумаңдаған қолдарын ешкім сезбей қалады дейді тәртіп сақшылары. Енді әрқайсы қылмысы үшін кемі 3 жылдан көп уақытты арқалап кететін болады.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «ҚК 190 бабы бойынша 3 жылдан аса бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Қазір осы азаматтың бәрі қамауда».

Жылдан жылға мегаполистегі ұрлық саны көбеймесе кемімей тұрғанын полицейлер жасырмайды. Қанша жерден бейнебақылау орнатқанымен, әккілер әйтеуір ұрлаудың амалын табады дейді. Кейінгі кезде оқушылардың да ұялы телефоны жиі жоғалуда. Әсіресе, автобуста шыңғырып, тұрғындарды ұры деген айғайын жиі естіледі екен. Жүргізушілер таңғы уақытта жұрт жиі алданады дейді.

ЖҮРГІЗУШІ:
“Только утром и вечером. Когда час пик”.

ЖҮРГІЗУШІ:
“ДТП болса алдында біреу. Артында біреу бар. Салонда біреу құласа жаңағындайларға көмектеседі. Көмектесе алады ұрыларға. Көрінеді камерадан”.

Тұрғындар да үрейленіп қалған. Аяғын аңдап басса да, әмиянынан айырылып, ұялы телефонсыз жиі жоғалады. Қаражатқа алаңдамағынмен, құжат рәсімдеу қиын дейді көбі. Жұрттың көбі автобустарда тыныш тұра алмайтын халге жеткен.

“Автобустарда болады. Кейде соткаларын жоғалтып жатады”.

“Мұқият болу керек қой. Мұқият болу керек. Жан-жағына қарап”.
Мұқият болуды тәртіп сақшылары да сан қайталауда. Өйткені, ұрылар жалғыз жүрмейді. Сыбайластары алдап тұрса, қылмысты екіншілері жасайды. Оның бәрі Алматының тұрақты тұрғындары емес, жан жақтан ағылған келушілер дейді.