Тәжікстанда жұмысшыларды тасымалдайдын автокөлік апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

Тәжікстанда жұмысшыларды тасымалдайдын автокөлік апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

Октябрь 27, 2018 0 Автор Автор

Тәжікстанның Рогун елді мекені маңында болған жол апатынан төрт адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, оқиға 26 қазанда болған.

“Әуелі су электр станциясына жұмысшылар тобын апара жатқан көлік жол апатына ұшырады. Екі азамат сол жерде көз жұмды, тағы біреуі ауруханада қайтыс болды. Ал екінші оқиға кезінде КамАЗ көлігі өзенге құлап, жүргізуші қайтыс болды” деді Азаттыққа аты-жөнін айтпаған оқиға жайлы білетін адамдардың бірі.