Белілі әнші клипке ашық-шашық киіммен түскені үшін лицензиясынан айырылды

Белілі әнші клипке ашық-шашық киіммен түскені үшін лицензиясынан айырылды

Ноябрь 14, 2018 0 Автор Автор

Әнші Шахло Ахмедовке әннің видеосында ұлттық менталитетке сай келмейтін іс-қимыл бар екені бірнеше рет ескертілген. Өзбекстан әншісі Шахло Ахмедова әлеуметтік желілерде таралған «Жазғы жаңбыр» әнінің клипі үшін уақытша лицензиясынан айырылды, деп хабарлады «Өзбекконцерт».

Ведомство атап өткендей, «Жазғы жаңбыр» әніне түсірілген клипте ұлттық менталитетке және шығыс мәдениетіне сай келмейтін іс-қимыл бар екені бірнеше рет ескертілген.

Шахло Ахмедованың лицензиясы 13 қарашадан бастап тоқтатылды, деп жазды Sputnik Өзбекстан. Осы жылдың қыркүйегінде «Өзбекконсерт» жанындағы көркемдік кеңес танымал әртістердің 18 клипін қарап шығып, олардың кейбірін республикалық телеарналардан көрсетуге тыйым салған. 10-нан аса әртістің ұлттық ой-санаға сәйкес келмейтін клипі «қара тізімге» енген.

sputniknews.kz